Оралда гамбургер жегендер жаппай ауруханадан бір-ақ шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда гамбургер жегендер жаппай ауруханадан бір-ақ шықты

Оралда гамбургер жегендер жаппай ауруханадан бір-ақ шықты

Осы астан уланған жиырма шақты адамның біреуі тіпті ажал құша жаздаған. Ал қалғанын дәрігерлер әрең дегенде қалпына келтірді. Ұшынғандардың бәрі де бір фастфудта тамақтанған екен.

  • 11 Қараша 2016
  • 576
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Сауда үйінің төрінен ашылған асхана жіті тексеріліп жатыр. Болжам бойынша, асты тез дайындағыштар клиенттеріне бұзылған еттен жасалған тағам берген.     

Қазбек енді сырттан тамақ жеуге сескеніп қалған. Жігіт сүйген қызына әдеттегідей гамбургер алып берген. Бірақ осы жолғы жегендері желкелерінен бір-ақ шығыпты.

-Сағат кешкі 12-ден бастап менде улану басталды. Сосын қасымдағы қызымда да болыпты сондай. Бірге түнімен ауырып шықтық. Оны түнде жедел жәрдем алып кетіп, мен осының артынан келіп түстім, дейді Орал қаласының тұрғыны Қазбек Қапсейіков.

Сол гамбургерден 8 жасар қыз да дәм татыпты. Жеткіншек бүлінген асты көтере алмай, бірден жансақтау бөліміне жеткізілген.


-Бұл қыз бала бәрінен де ауыр боп түсті. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Дене қызуы қырық градусқа бір-ақ жеткен. Бұл өте өрескел жағдай. Ол гамбургердегі еттен уланған, дейді БҚО Жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Вера Запрометова.

Дәрігерлер қыздың бетін әрең дегенде бері қаратқан. Ауруханаға гамбургер жеген тағы жиырма шақты адам түсіпті. Бәрі бір фастфудтың клиенттері екен. Олардың халі қазір орташа. Кем дегенде 10 күн жатып емделу керек дейді ақ халаттылар. Ал оларды аспен ұшындырған мына дәмхана. Сауда кешені ішіндегі кішігірім кафе осы жазда ғана ашылған екен. Гамбургер жасағыштар оқыс оқиғадан соң ізін суытқан. Ал асханасын СЭС дәрігерлері жаптырып тастады. Оқиғаның нақты себебі еттің сараптамасынан соң белгілі болады.