Оралда газдың жарылуынан тұрғын үйде өрт болды, 4 адам зардап шекті
4 қараша күні сағат 11.45-те Оралдың Жақсыауыл шағынауданындағы жекеменшік тұрғын үйде табиғи газдың жарылуы болып, артынша төбе жабындысы өртене бастады. |
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жалын өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді. Тілсіз жаудың салдарынан түрлі деңгейдегі күйік жарақаттарын алған 18 және 17 жастағы үш қыз бен 50 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Өрт орнына Батыс Қазақстан облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы шықты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін