Оралда газдың жарылуынан тұрғын үйде өрт болды, 4 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда газдың жарылуынан тұрғын үйде өрт болды, 4 адам зардап шекті

Оралда газдың жарылуынан тұрғын үйде өрт болды, 4 адам зардап шекті

4 қараша күні сағат 11.45-те Оралдың Жақсыауыл шағынауданындағы жекеменшік тұрғын үйде табиғи газдың жарылуы болып, артынша төбе жабындысы өртене бастады.

  • 5 Қараша 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жалын өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді. Тілсіз жаудың салдарынан түрлі деңгейдегі күйік жарақаттарын алған 18 және 17 жастағы үш қыз бен 50 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Өрт орнына Батыс Қазақстан облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы шықты.

Соңғы жаңалықтар