Оралда кәсіпкерлер бензин бағасын келісіп көтергені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда кәсіпкерлер бензин бағасын  келісіп көтергені анықталды

Оралда кәсіпкерлер бензин бағасын келісіп көтергені анықталды

Оралда жанармай сату бекеттері өзара келісіп, бензин бағасын көтеріп жіберген. АИ-95-тің аяқ астынан неге бұлай қымбаттағанын қазір монополияға қарсы қызмет тексеріп жатыр.

  • 24 Қыркүйек 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz

Елдегі жанармай құнын билік ұстап тұрудан бас тартқан сәттен бастап, мамандар май құю бекеттерін назарда ұстап келген еді. Көпшілік тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің осы шектеуді алып тастағанына байланысты қымбаттағаны белгілі. Ал АИ-95 әуелден-еқ нарықтық бағамен сатылатын. Бірақ жанармай бекеттері оның құнын бірден 133 теңгеден 151-ге көтеріп жіберген. Енді монополияға қарсы қызмет тексеру жүргіземіз деп еді, оны түсіре қойды. Қазір 140 теңге шамасында. Егер де бекеттердің келісіп алғандығы дәлелденсе, бүкіл монополиялық табысы және жалпы табыстың 3 пайызы тәркіленбекші.

Нұрбол Исламов, БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Батыс Қазақстан облысы бойынша 7 нарық субъектісіне қатысты АИ-95 маркалы бензин бағасын келісіп ұстап тұру фактісі бойынша монополияға қарсы заңнамамен тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар