Оралда Қазақстан рекорды орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.18
  • 570.66
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Қазақстан рекорды орнатылды

Оралда Қазақстан рекорды орнатылды

Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылды.

  • 7 Сәуiр
  • 4
ФОТО: пресс-служба театра

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Оралдағы Тұңғыш президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғашқы рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді», — деп жазылған хабарламада.

Аталмыш шарада 200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты.

Шара салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық мұрамызды ұлықтауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Жарысқа екі команда — «Жайық» және «Еділ» қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты өткен бәсекеде «Жайық» командасы жеңіске жетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысып, рекорд орнатылғанын жариялап, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.