Жарысқа қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, Армения, Қырғызстаннан 16 команда құрамында 200-ге жуық дзюдошы қатысуда. Ерлер 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі салмақта, әйелдер 48, 52, 57, 63, 70, 78 және +78 салмақта сынға түсуде.
Кеше ауыр салмақтағылар арасында жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды. Бүгін жеңіл салмақтағы балуандар күштілерін анықтап, жарыс сонымен қорытындыланады.
Аталмыш турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл қазақтың батыр қызы М.Мәметованың туғанына 90 жыл толмақ.