Оралда Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры Қ.Майдановты еске алуға арналған турнир алғаш рет халықаралық деңгейде өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры Қ.Майдановты еске алуға арналған турнир алғаш рет халықаралық деңгейде өткізілді

Оралда Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры Қ.Майдановты еске алуға арналған турнир алғаш рет халықаралық деңгейде өткізілді

Оралда «БҚО ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен грек-рим күресінен Кеңес Одағының Батыры, Ресей Батыры, жауынгер-интернационалист, полковник Қайыргелді Майдановты еске алуға арналған турнир бірінші рет халықаралық деңгейде өткізілді.

  • 25 Қазан 2010
  • 619
Фото - Caravan.kz

Аталмыш қоғамдық бірлестік мұндай шараны жыл сайын облыстық дейгейде ұйымдастырып келген еді. Бұл жолы жарысқа көрші Орынбор, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 270 палуан қатысты.

«БҚО ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахир Косчановтың айтуынша, турнирде жеңімпаз болғандар енді жақында Мәскеуде өтетін халықаралық жарыста бақ сынайды. Олардың жол шығынын аталмыш қоғам көтермек. Мақсот Төлегенов пен Батырбек Қазиев сияқты белгілі бапкерлердің алдын көрген балалар бұған дейін де алтын, күміс, қола медальдарды әкеліп жүр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера