Оралда халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар өтуде

Оралда халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар өтуде

18 сәуір күні Оралдағы Ә.Әйтиев көшесі бойындағы спорт кешенінде Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир басталды.

  • 19 Сәуiр 2012
  • 596
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ мұз айдыны сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күрестері бойынша ел чемпионатының ашылу салтанаты болды.

Салтанатқа қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, биылғы ХХХ жазғы олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар ішінде бес бірдей батысқазақстандық бар. Бұл — Елбасымыздың атқарушы билік алдына қойып отырған тапсырманы орындау барысында баршамыздың қол жеткізген табысымыз. Өңірде спорттың дамуына барынша жағдай жасалуда. Спортқа бұқаралық сипат беру жүйелі жолға қойылды.

Осы жарыстың құрметті қонағы, ФИЛА бюросының мүшесі, Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов Ақ Жайық өңірінде спорттық сайыс атаулысы жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын жеткізді. Облыстағы күрес түрлерінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан күрес федерациясының атынан облыс әкіміне алтын сағат пен естелік сыйлық табыстады.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов отандастарымыз күрес түрлері бойынша олимпиаданың 14 жолдамасын алғандығын, әлі де төрт жолдама алуға мүмкіндік бар екендігін тілге тиек етті.

Оралдағы күрес додасына еліміздің барлық өңірінен төрт жүзден аса спортшы келген. Олардың арасында олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тінәлиев, Азия чемпионы Андрей Самохин сынды мықтылар бар. Белдесудің алғашқы күні грек-рим балуандары боз кілемге шықты. Бұл күрес түрі бойынша облыс намысын он жігіт қорғауда. Бірінші күні өңірдің бетке ұстар балуаны, жастар арасындағы әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артур Үмбетқалиев 55 келі салмақта жеңімпаз болып танылды.

Батысқазақстандық боксшылар да алғашқы күнді сәтті бастады. Үш батысқазақстандықтың мерейі үстем болды. Яғни Мейрамбек Мәжитов (49 келі), Қадірбек Досқалиев (56 келі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі) қарсыластарын тізе бүктіріп, келесі айналымға шықты.

Сайыстар 22 сәуірге дейін жалғасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера