Алдымен аталмыш мерекемен жиналғандарды ҚР Туризм және спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары Мәлік Сапашев, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов құттықтап, спорт тақырыбын дендеп жазып жүрген республикалық БАҚ өкілдері марапатталды.
Содан кейін шағын футболдан өткізілген жолдастық кездесуде республикалық БАҚ өкілдерінен құралған команда жеңімпаз атанса, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газеті — екінші, «Қазақстан-Орал» телеарнасы үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ түрлі аталымдар бойынша үздік шыққан ойыншылар да жүлдесіз қалған жоқ.