Оралда мектеп оқушысы асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда мектеп оқушысы асылып қалды

Оралда мектеп оқушысы асылып қалды

Өзіне өзі қол жұмсаған қыз оныншы сыныпта оқыған, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.

  • 27 Қазан 2016
  • 721
Фото - Caravan.kz

Ол оқыған №39 орта мектеп өкілдері қыздың үлгілі отбасынан шыққанын, сабақты жақсы оқығанын айтуда.

— Оқиға үйде болған. Қазір ешнәрсе айта алмаймыз, бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда, — деді №39 орта мектеп директоры Елена Любченко.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі төтенше оқиғаның 20 қазан күні, шамамен түнгі 11-де болғанын хабарлады. Өзі тұратын үй ауласынан оқушының өлі денесі табылды. Ол асылып өлген.

«Алдын ала болжам бойынша, жігітімен араздасып қалғандықтан қыз өзіне-өзі қол салған», — деді прокуратура.


Аталған факт Орал қ. ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл жаңа оқу жылынан бергі екінші жасөспірім суициды. 23 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде 12 жастағы оқушы асылып өлген еді.