Оралда мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің өкілдері бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің өкілдері бас қосты

Оралда мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің өкілдері бас қосты

«Жайық Пресс» ЖШС-ында бүгін өңірдегі мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің өкілдері бас қосты.

  • 23 Маусым 2011
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин мұндай шараның Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырғандығын айтып, облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері редакцияларымен қоян-қолтық қызмет атқарып келе жатқан баспасөз қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Шыңғыс Мұқан өңірде бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым көңіл бөлініп отырғанына тоқталып, биыл облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов тұңғыш рет журналистер арасында үздік шыққандарға «Қанатты қалам» сыйлығын белгілегендігін, оның алты аталым бойынша тапсырылатындығын атап өтті.

Басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Қозыкеш Омаров, облыстық әділет департаментінен Болат Жангереев, облыстық ішкі істер департаментінен Фатихолла Маштақов және басқалар баспасөз қызметінің жұмысын, ақпарат беруді жетілдіру жолдары жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Баспасөз қызметінің өкілдеріне, сондай-ақ облыстық газеттердің үздік журналистеріне алғысхаттар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар