Оралда мұрағат ісінің ардагеріне ескерткіш тақта орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда мұрағат ісінің ардагеріне ескерткіш тақта орнатылды

Оралда мұрағат ісінің ардагеріне ескерткіш тақта орнатылды

Орал қаласындағы қазақтың алғашқы мұрағатшыларының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Меңсұлу Айтмұхамбетова тұрған М.Ықсанов көшесіндегі 45-үйге ескерткіш тақта орнатылды.

  • 27 Қаңтар 2011
  • 608
Фото - Caravan.kz

1933 жылы БҚО-ның Жалпақтал ауылында дүниеге келген М.Айтмұхамбетова орта мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу тарихи-мұрағат институтына оқуға түседі. Еңбек жолын мұрағат қызметінен бастап сол салада аяқтады. 1964 жылдан облыстық мұрағатқа басшылық етті. 1976 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған ол Қазақстанда ұлттық мұрағат жүйесінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірді.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде замандастары М.Айтмұхамбетова туралы естеліктерін айтып, лебіздерін білдірді.


Перейти к новостям спорта