Жарияланды: 360

Оралда облыс әкімінің орынбасары үздік кәсіпкерлерді марапаттады

Жаңа жыл қарсаңында «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық-экономикалық палатасының Батыс Қазақстан филиалында

облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен кәсіпкерлер кеңесінде жыл қорытындыланып, осы саланың үздіктері марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Алтай Сейдірұлы жылды жемісті аяқтаған кәсіпкерлерді табыстарымен құттықтап, бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. «Атамекен» одағы» Батыс Қазақстан филиалының директоры Айнагүл Ақашаева бизнес өкілдерінің биылғы жылы қол жеткізген жетістіктеріне айрықша тоқталып, облыс экономикасын дамытуға қосқан үлестері үшін оларға алғысын жеткізді. «Атамекен» одағының төрағасы А.Мырзахметовтің атынан «БҚО кәсіпкерлер ассоциацияның» төрағасы Әнес Ізтелеуовке, «Даму» БҚО кәсіпкерлер ассоциациясының директоры Серік Қайыршинге, «Медициналық орталық» ЖШС-ның директоры Рафхат Истаевқа және «Акела» ЖШС-ның директоры Алина Хакалоға екінші және үшінші дәрежелі дипломдарды табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін