Оралда өндіріс нысанының қабырғасы құлау салдарынан үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда өндіріс нысанының қабырғасы құлау салдарынан үш адам мерт болды

Оралда өндіріс нысанының қабырғасы құлау салдарынан үш адам мерт болды

Оралда "Конденсат" АҚ-ның өндірістік нысандарының бірінің қабырғасы құлау салдарынан үш адам мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қазан 2004
  • 515
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға ғимаратты құлату кезінде 7-қазан күні кешке болған. Соның салдарынан үш жұмысшы үйінді астында қалды. Оқиға орнына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің инженерлік ұтқыр қорғаныс отряды мен құтқару қызметінің қызметкерлері келіп жетті. Екі жұмысшы үйінді астынан өлі күйінде шығарып алынса, үшіншісі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Оқыс оқиға орнына дереу келіп жеткен Орал қалалық прокуроры Закария Саралиевтің айтуынша, ғимарат құрылыс салу тәртіптері мен еңбек қауіпсіздігін бұзу салдарынан құлаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүзеге асырылуда.
Ғимарат құлаған кезде құрылыс алаңында 100-ден астам жұмысшы болған, олардың барлығы да басқа жаққа көшірілді.

Перейти к новостям спорта