Оралда онкодиспансер директоры пара алу үстінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда онкодиспансер директоры пара алу үстінде ұсталды

Оралда онкодиспансер директоры пара алу үстінде ұсталды

БҚО онкологиялық диспансер директоры Тайман Аманов мемлекеттік сатып алу барысында «қамқоршылық жасағаны үшін» жеке кәсіпкерден параның бір бөлігін алу үстінде (535 мың теңге) ұсталды.

  • 11 Шiлде 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Т.Аманов материалдық пайда табу мақсатында жеке кәсіпкерді шақырып алып, әрбір келісімшарт сомасының 15 %-ы мөлшеріндегі ақшаны пара ретінде беріп тұруын талап еткен, сонымен қатар алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарды жасауға көмек көрсетемін деп уәде беріп, келіспеген жағдайда кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда қиыншылықтардың туындайтындығын айтқан.

2011 жылғы мамыр мен маусым аралығында мемлекеттік мекеме мен жеке кәсіпкер арасында жалпы сомасы 4,9 млн. теңге мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттар жасалған.

Биылғы 30 маусымда Т.Амановқа қатысты жеке кәсіпкерден қорқыту жолымен, бірнеше рет жалпы сомасы 730 мың теңге пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 шілдеде Т.Аманов сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі кезде қылмыстық іс тергелу үстінде.

Соңғы жаңалықтар