Оралда оқушылардың неден ұшынғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда оқушылардың неден ұшынғаны белгілі болды

Оралда оқушылардың неден ұшынғаны белгілі болды

Оралда астан ұшынған оқушылар саны еселеп артып жатыр. Бүгінге дейін 126 бала дәрігерлер көмегіне жүгінген. Тексеру толық аяқталғанша мектеп жұмысы тоқтатылды.

  • 3 Қараша 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz

Өйткені санитар-эпидемиологтар Сәкен Сейфуллина атындағы мектеп-интернаттың асханасындағы біраз былықтың бетін ашқан. Атап айтқанда, мұнда балалардың кешкі асы белгіленген мәзір бойынша берілмеген. Яғни оқушылар түскі астан қалған пюреден ұшыныпты. Дәл осы бұзылған тағамнан интернатта тұрмайтын тағы 12 баланың да ұшынып қалғаны анықталып отыр. Қазір мектеп-интернаттың 600-ге тарта оқушысы мен олардың жақындарын дәрігерлер бақылауға алған. Барлығы мерзімінен бұрын демалысқа жіберіліп, асхана қызметкерлері түгелдей жұмыстарынан шеттетілді.

Қамидолла Ирменов, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Тамақ өнімінің биоматериалдарынан контактілі тұлғалардан өткір ішек инфекцияларының белгілерін есепке ала отырып, тамақтан токсинді улану диагнозы қойылды. Яғни сальмонеллды-геотология. 126 баланың 95-де жағдайы жақсарып, қанағаттанарлық деп бағалануда. 

Соңғы жаңалықтар