Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

 

  • 8 Қыркүйек 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін М.Мәметова көшесіндегі 52-тұрғын үйде болған. Бес қабатты үйдегі 53-пәтерде өрт болып жатқаны жөнінде сағат 19.12-де хабар түскен. Аумағы 20 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан 1961 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Үйден 18 адам эвакуацияланды, соның үшеуі – бала. 4 адам құтқарылса, соның біреуі – бала. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 18 адам, 6 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20.17-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.



 

Соңғы жаңалықтар