Оралда бес қабатты жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Sputnik "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап. .
Жатақхана тұрғынының сөзіне сүйенсек, өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Бөлмеде маскүнем ер адам тұрады екен.
БҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жатақхананың өртенгені туралы хабар 20.16-да түскен.
"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілді. Олар барғанда төртінші қабатта бөлме лаулап жанып жатқан, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі басылымға. – 21:00-де өрт ауыздықталып, 22:09-да сөндірілді".
Жатақхана тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер сегіз адамды құтқарған, олардың үшеуі – балалар. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады.