Оралда О.Сүлейменовтің жүлдесі үшін волейбол турнирі мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда О.Сүлейменовтің жүлдесі үшін волейбол турнирі мәреге жетті

Оралда О.Сүлейменовтің жүлдесі үшін волейбол турнирі мәреге жетті

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт сарайында қоғам қайраткері,

  • 19 Қазан 2010
  • 487
Фото - Caravan.kz

халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының президенті Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін Оралдағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейбол турнирі өтті.

Облыстық «Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектерінінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты -салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, екінші орын Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, үшінші орын — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті иеленсе, Ибрагим Абдрахманов — «үздік ойыншы», Гүлмира Рахматуллина — «үздік байланыстырушы», Мұрат Исқақов «үздік шабуылшы» аталымының иегері атанды.