Оралда осыдан 6 жыл бұрын салына бастаған спирт зауытының құрылысын салып бітіру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда осыдан 6 жыл бұрын салына бастаған спирт зауытының құрылысын салып бітіру көзделіп отыр

Оралда осыдан 6 жыл бұрын салына бастаған спирт зауытының құрылысын салып бітіру көзделіп отыр

Оралда 1998-жылы қолға алынып, соңынан қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылған спирт зауытының құрылысын салып бітіруге 9 млн. доллар қажет. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов баспасөз мәслихатында журналистерге хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 506
Фото - Caravan.kz

Облыстық әкімшілік басшысының айтуынша, аталмыш нысан құрылысын салып бітіру үшін бірнеше мәселенің түйінін шешу қажет. Атап айтсақ, салынып бітпеген зауыттың республикалық бюджетке берешегі 19 млн. долларды құрайды. Қаржы жабдық сатып алу үшін негізгі қарыз түрінде берілген болатын. Ал нысанның Батыс Қазақстан облысындағы басқа да мердігерлер алдындағы құрылыс жұмыстары үшін берешегі 700 мың долларды құрайды. «Мұндай берешегі үлкен нысанды қаржыландыруға ешкім де ниет білдірмесі анық»,- дейді Н.Әшімов. Бұл мәселе қазір «үкіметте талқыланып жатыр», соған сәйкес, «2010-жылға дейін нысанның берешектерін үкімет өз мойнына алса, 2010-2015-жылдар аралығында берешек толығымен өтеледі»,- деді әкім.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млрд. гегалитр спирт өндіруге бағытталған. «Зауыттың қуаты тым үлкен, өндірілген өнім өтпей қала ма деген қауіп бар»,- деді облыс әкімі. Осыған байланысты қазір Оралда өндірілген спиртті Атырау мұнай өңдеу зауытына беру мүмкіндіктері қарастырылуда. Аталмыш кәсіпорын негізінде сыртқы рынокқа шығару үшін гексан өндіру қолға алынбақшы.

Соңғы жаңалықтар