Кешті университет ректоры, академик Тұяқбай Рысбеков сөз сөйлеп ашып, ақынның өмірі мен еңбек жолына тоқталды. Қадыр ақын 2003-2007 жылдары аталмыш университетте жиі болып, студенттер алдында дәріс те оқыды. Сол еңбегі үшін оған университеттің құрметті профессоры атағы берілді.
Белгілі қаламгер Қайрат Жұмағалиев, журналист Базарғали Қуатов замандас ағасы туралы естеліктерін айтса, ақын Ғайсағали Сейтақ өлеңін оқып берді.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов қатысқан кешті әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов қорытындылап, Қадыр Мырза Әліге арналған мұндай шаралардың жалғаса беретіндігін айтты.