Н. Иманғалиұлы өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді.
Қала әкімінің жаңа орынбасары 47 жаста, жоғары білімді, зооинженер. Еңбек жолын зоотехник селекционер мамандығынан бастаған. Әр жылдары Қазтал ауданында түрлі басшылық қызметтерінде істеген , оның ішінде аудан әкімі болып істеді. 2002 -2006 жылдар аралығында Н.Иманғалиұлы Жәнібек ауданының әкімі болды. Оның соңғы қызметі -тариф жөніндегі облыстық басқарма бастығы.
Осыған дейін құрылыс және өнеркәсіп мәселелерімен Тимур Қарағойшин шұғылданған. Ол, қаладағы жалғыз скверді «Адал-Арна» фирмасына тұрғын үй және кеңсе ғимараттары кешенін салып сатуға байланысты туындаған жанжалдан кейін Орал әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті