Оралда қарақұрт қаптап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қарақұрт қаптап кетті

Оралда қарақұрт қаптап кетті

Тұрғындар  өз саяжайлары мен бау-бақшаларынан  тапқан  улы жәндіктің суреттерін ғаламторға салып,  бір-бірлерін сақтандырып жатыр. Әдетте,  оңтүстік өңірлерді мекендейтін қарақұрт қазір  батыстағы облыс орталығына жетіпті. Мамандар бау-бақшада жұмыс істегенде сақ болуды ескертеді.

  • 6 Тамыз 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz

Римма Круц  есік алдындағы арам шөпті  отап жүріп, қарақұрттың  аналығы мен жәндіктің екі жұмыртқасын тауып алған. Араға екі күн салып  үй сыпырып жүрген  қызы  дәл сондай тағы бір өрмекшіге кез болған. 

Мамандардың айтуынша, қарақұрттың еліміздің батыс өңірінде кездесуі таңсық емес. Бірақ биыл улы жәндік облыс орталығында да тым көбейіп кеткен.

Федор Бидашко,  Орал облыстық обаға қарсы  станциясының зертхана меңгерушісі 

— Дәл осы маусым,  шілде , тамыз  айларында  қарақұрт өте қауіпті.  Өйткені өрмекші  ұя салатын  жылы орын іздейді.  Сөйтіп жүріп  адамдардың баспаналырына да кіріп кетуі мүмкін.   

Биылдыққа  қарақұрт шаққан бір адам ғана дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.  Ол алыс жайылымдағы шопанның баласы екен.  Мамандар «қарақұрттың арқасында қызыл дақ  болады» деген жаңсақ пікір дейді. Жәндіктің  ересек аналығы  уақыт өте келе  ол дақтан арылады екен. Салдарынан қарақұртты  өзге өрмекшімен шатастырады. Дәл осы аналықтың уы адам ағзасына өте  қауіпті.  

Альфия Сулейманова, токсиколог: 

— Алғашқы  жарты сағатта адамның бұлшық еттері мен буындары  сырқырайды. Кейін тыныс алу жүйесі  зақымдалады. Дер езінде көмек көрсетілмесе,  адам  дем ала алмай қайтыс болуы мүмкін.

Облыста қарақұрттың уына  қарсы сарысу жоқ екен. Дәрігерлер сырқаттың белгілеріне қарап емдейміз дейді.  Статистикаға сенсек,  қарақұрт шаққан әрбір төртінші адам ажал құшатын көрінеді. 

Соңғы жаңалықтар