Жарияланды: 380

Оралда қарт адамдардың пәтерін алдап иемденуді кәсіпке айналдырған қылмыстық топ құрықталды

Оралда қарт және жалғызбасты адамдардың пәтерін алдап иемденуді кәсіпке айналдырған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-нан хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, қылмыскерлер коммуналдық қызметке берешегі үлкен жалғызбасты және қарт адамдардың ізіне түсіп, соңынан олардан меншік құқығынан өз еркімен бас тартуды талап еткен. Одан бас тартқан жағдайда алаяқтар өз құрбандарына қоқан-лоққы көрсететін болған. Пәтер құжаттары күшпен тартып алынып, соңынан басқа қожайындардың атына рәсімделіп отырған. Қазіргі жағдаймен басқаның мүлкін қорқытып тартып алуға қатысты 12 дерек әшкереленді. Полиция қылмыстық топтың бес мүшесін ұстап алды. Тәртіп сақшыларының алдын-ала жорамалдауынша, қылмыстық топтың жетекшісі Ресей азаматы болуы мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін