Оралда қаржы полициясының екі қызметкері алаяқтығы мен пара алғаны үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қаржы полициясының екі қызметкері алаяқтығы мен пара алғаны үшін сотталды

Оралда қаржы полициясының екі қызметкері алаяқтығы мен пара алғаны үшін сотталды

ОРАЛ. 7-қараша. Kazakhstan Today. Оралда қаржы полициясының екі қызметкері алаяқтығы мен пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық прокурорының көмекшісі Ғаният Салықов хабарлады.

  • 7 Қараша 2006
  • 390
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қаржы полициясының қызметкерлері болып істеген Аспандияр Галеев пен Қуандық Ғабдуллин бір жергілікті әйел тұрғынға қарасты 80 тонна металл сынықтарын иемденіп алу үшін әйелдің үстінен заңсыз кәсіпкерлік жөнінде қылмыстық іс қозғаған. Қаржы полициясының қызметкерлері осыдан кейін қылмыстық іс жүргізуді доғару үшін әйелден 10 мың доллар талап етіпті.

«Ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесінде қаржы полицейлері әйелден 300 мың теңге алады. Олар сөйтіп, ақша алып жатқан сәтінде қолға түсті»,- деді Ғ.Салықов.

Орал қалалық соты Аспандияр Галеевті үш жылға, Қуандық Ғабдуллинді үш жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Олардың мүлкі тәркіленіп, жалпы тәртіпті абақтыға айдалады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта