Жарияланды: 430

Оралда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттады

Дүйсенбі күні Оралда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттады. Маусымның 20-сынан бастап жолаушылар автобуспен бір рет жүру үшін бұрынғы 40 теңгенің орнына 50 теңге төлейді, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қала әкімдігінен хабарлады. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұған жанар-жағармайдың қымбаттауы себеп. Орал тұрғындарының саны 230 мыңнан асады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін