Жарияланды: 420

Оралда қыз зорлаған студенттер ұсталды

22 желтоқсан күні сағат 04.00 кезінде 1996 жылы туған қыз бала полицияға хабарласып, өзін Зашаған кентіндегі үйлердің бірінде белгісіз екі жігіттің күштеп зорлап, жыныстық қатынас жасағандығын жеткізген.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, полицияның кезекшілік тобы осы оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізе отырып, қыз зорлаған екі күдіктіні анықтап, қамауға алды. Олар 1991 жылы туған, қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын студенттер болып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін