Оралда салынып жатқан құрылыс барысын «нұротандық» бақылау бекеттері қадағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда салынып жатқан құрылыс барысын «нұротандық» бақылау бекеттері қадағалауда

Оралда салынып жатқан құрылыс барысын «нұротандық» бақылау бекеттері қадағалауда

Су тасқынынан кейін Оралда 1200 орындық мектеп пен 290 орындық екі балабақша және бірнеше көппәтерлік тұрғын үйлер салынып жатқаны белгілі.

  • 22 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Осыған орай құрылыс барысын «нұротандық» бақылау бекеттері қадағалауда.

Осындай бекеттердің біріне еңбек ардагері Тілекқабыл Сағынов жетекшілік етеді. «Біз 1200 орындық мектеп құрылысын бақылаудамыз. Бұл құрылысты салу «Болашақ-Т» ЖШС-ына (директоры Хайдар Қосжанов) жүктелген. Жалпы көлемі 5 мың шаршы метр құрылыс нысаны жұмысына 80 адам қатысуда. Қазір іргетас қалау, цемент құю жұмыстары аяқтала келді. Жаңа мектеп ғимараты жоспарға сәйкес 2012 жылы маусымда пайдалануға берілмек. Құрылыс нысаны материалдық және техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, жұмысшылардың жағдайы жақсы. Нысан алдағы уақытта да біздің қадағалауымызда болмақ», деді Т.Сағынов.

Соңғы жаңалықтар