Оралда саудагерлер орындарынан қуған полицейлермен төбелесе жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда саудагерлер орындарынан қуған полицейлермен төбелесе жаздады

Оралда саудагерлер орындарынан қуған полицейлермен төбелесе жаздады

Базар маңындағы тартыс! Оралда тәртіп сақшылары жабайы сауда ұйымдастырғандарды қуып әлекке түсті. Полицейлер жайма базарда азық-түлік сату заңсыз екенін түсіндірсе, саудагерлер бұл жалғыз күнкөріс амалы екенін алға тартуда. Әдеттегідей айыппұл салынғанымен, одан шыққан нәтиже жоқ. 15 жыл бойы істеп тұрған жабайы сауда орнын атқамінерлер әлі де алып тастай алмай отыр.

  • 7 Қазан 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Жабайы сауданы қыздырғандар жерге жайылған азық-түлікті сатпаса, жандарын баға алмаймыз дейді. Бірақ олардың бұл сөзіне көрші орналасқан үй тұрғындарының жаны аши қоймады. Себебі, таңнын атысынан, кештің батысына дейін жалғасатын абыр-сабыр олардың мазасын алып біткен.

Ольга Меленчук, Орал қаласының тұрғыны:

-Ескерту айтсаң, құлағына да ілмейді. Үйдің ауласына балықтың басын, құйрығын тастап кетеді.Арғы бұрышында жәшіктер қаптап жатыр. Жағымсыз иіс, құрт-құмырсқа мен шыбын-шіркейден шаршадық.

Мұндағы кезекті рейд соғыстағы кезекті ұрыс секілді. Себебі, оралдық полицейлер мен саудагерлердің тартысы осымен 15-ші жыл жалғасып келеді.

Айгүл, саудагер:

– Базар  бар, орын жоқ! Сондықтан біз балаларға нан табуымыз керек. Сол үшін базарда жүрміз дорбамызды арқалап. Басқа қайда барамыз біз?Жұмыс тауып беріңдер, жұмыс істейік. 30 мыңның жұмысын кім береді? Ешкім жоқ! Мына жерге бірдеңе салып берсін. Істейміз, сұраған ақшасын береміз.

Полицейлер саудагерлерді айыппұлмен қорқытты. Жайма базар бүгін осылайша жиналғанымен, ертең-ақ қайта жалғасатына анық. Өйткені талапқа сай жұмыс істегісі келгендерге ресми базарларда орын қалмаған немесе ақысы тым жоғары.

Роза Әділханова, саудагер:

—  Павильонға кірсем үнемі ақша төлеп отыруым тиіс. Менің сатқан балығымның өткен-өтпегендігіне ешкім қарамайды. Табыс таппасам қарызға батамын. Қазірдің өзінде отбасымды әрең асырап отырмын.

Ал ішкі істер басқармасының өкілдері бәрібір де бұлай сауда жасауға болмайтынын айтады.

Сергей Мановицкий, Орал қалалық ІІБ бөлім бастығы:

– Бұллардың барлығына орталық базарға баруын сұрадық. Орын жоқ дегенді сылтау етіп қашады. Ақыры өз орындарына келіп, саудасын жүргізеді.

Тез бұзылатын азық-түлікті көшеде сатып, жабайы сауданы қыздырғандар қаланың әр ауданынан табылады. Жергілікті билік жабық павильондар мен тегін орындарды ұсынған екен. Бірақ қаладағы орталық көшелердің мынандай кескініне қарап, бұл амалдың да нәтиже бермегенін байқауға болады. 

Соңғы жаңалықтар