Оралда шыбын-шіркей қаптады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда шыбын-шіркей қаптады

Оралда шыбын-шіркей қаптады

Шыбын-шіркей Орал жұртшылығының мазасын қашырды. Қара-құрым жәндік әсіресе, қала шетіндегі саяжай тұрғындарына күн көрсетпейтін болған.

  • 2 Маусым 2012
  • 574
Фото - Caravan.kz


Шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмысы тек әуеден жүргізілуі тиіс. Бірақ Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде оған қаражат қарастырылмаған. Өйткені зинякестердің осылайша қаптап кететін күтпеген екен. Санитарлардың пайымдауынша, бұған былтырғы су тасқыны себеп. Топан су сай-салаға жайылып, батпаққа айналып, сонда шіркейлердің жұмыртқалауына қолайлы жағдай туғызған. Қаржы жоқ деп қол қусырып отырған мамандар, 15-ші маусымнан кейін шыбын-шіркейдің көзі өзінен-өзі құриды, –деп сендіріп отыр.

Перейти к новостям спорта