Оралда «Шырқайды жастық шақ» облыстық фестивалі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда «Шырқайды жастық шақ» облыстық фестивалі өтуде

Оралда «Шырқайды жастық шақ» облыстық фестивалі өтуде

Орал қаласында бүгін «Шырқайды жастық шақ» атты бард әндерін орындаушы жастардың облыстық VІ фестивалі басталды.

  • 1 Маусым 2011
  • 385
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасы мен облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы бірлесіп ұйымдастырған шараның мақсаты — талантты жастарды тауып, авторлық әнді насихаттау.

Фестивальге қатысушылар «Орындаушы», «Автор», «Ансамбль» аталымдары бойынша сынға түсуде.

Аталмыш өнер додасына өңірде Ақжайық, Зеленов, Жәнібек, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласы өкілдері белсене қатысып келеді.

Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Струнная капель» республикалық фестиваліне қатысады. Бұл байқауда әр жылдары В.Ним, Н.Павлюк, Д.Богородицкий, А.Саламатов, А.Өтенғалиевтер лауреат, дипломант атанған болатын.