Оралда Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуына орай арнайы көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуына орай арнайы көрме ашылды

Оралда Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуына орай арнайы көрме ашылды

БҚО тарихи-өлкетану музейінде 6 ақпан күні Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуына орай «Сталинград шайқасы - ерлік майданы» атты көрме ашылды.

  • 7 Ақпан 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Көрменің ашылу рәсіміне соғыс ардагерлері мен жастар, кітапхана қызметкерлері, №5517 әскери бөлім сарбаздары, Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Аталмыш көрмеге елу шақты заттай жәдігер, жүзден астам құжаттар мен фотосуреттер қойылған. Соның ішінде Ұлы Отан соғысында қолданылған қару-жарақтың түрлері, хирургиялық құралдар, әскери киімдер бар. Музей қызметкерлері жиналғандарға ескі патефоннан Ұлы Отан соғысы кезіндегі әндерді тыңдатты. Шара Сталинград шайқасы туралы бейнефильм көрсетілімімен тәмамдалды.

Сталинград майданына қазақстандық, соның ішінде Батыс Қазақстан облысынан шақырылған жауынгерлер көптеп қатысты. Сонымен қатар Орда, Жәнібек аудандары соғыс жағдайында деп жарияланды, осы маңды жау ұшақтары аз бомбалаған жоқ.

Перейти к новостям спорта