Оралда тасқын судан зардап шеккен отбасылар балаларына арналған шара өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда тасқын судан зардап шеккен отбасылар балаларына арналған шара өтті

Оралда тасқын судан зардап шеккен отбасылар балаларына арналған шара өтті

Кеше қаладағы су тасқынынан зардап шеккендердің №1 және №2 қосындарында «Әр балаға мейрім мен шапағат» атты шара өтті.

  • 2 Маусым 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай болған бұл шараны «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіндегі «Педагог» бастауыш ұйымы ұйымдастырды. «Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары үшін осынау мерекелік шараны арнайы ұйымдастырып отырмыз, -деді «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асыланбек Сарқұлов. -Балалардың және олардың ата-аналарының аз да болса көңілдерін көтеруді мақсат тұттық. Жаз басталды, енді сәбилерге, жеткіншектерге арнап осы жерде көптеген шара өткізетін боламыз. Жазғы демалыс лагерлеріне де осы жердегі балалар бірінші кезекте алынады».

«Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шалқыма Құрманалина да жиналғандарды мерекемен құттықтап, қоныс тойының көп болуын тіледі.

Шара барысында концерт қойылып, ойындар ұйымдастырылды. Ойын жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш екі қосындағы 250 балаға тәтті тағамдар таратылды.

Соңғы жаңалықтар