Оралда татар әншісі Эльмира Әмірова жеке концертін қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда татар әншісі Эльмира Әмірова жеке концертін қойды

Оралда татар әншісі Эльмира Әмірова жеке концертін қойды

А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында оралдық әнші, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Қазақстан халқы достығы» республикалық және «Жиде йолдыз» халықаралық телевизиялық фестивальдарының лауреаты Эльмира Әмірова «Жайық - менің туған жерім» атты жеке концертін қойды.

  • 31 Қаңтар 2012
  • 552
Фото - Caravan.kz

Концертті «Назиб Жигановтың халықаралық шоқжұлдызы» жеке қоры ұйымдастырды. Қор басшысы Светлана Тенишеваның айтуынша, Эльмира Әмірова өз тыңдармандарын отыз бес жылдан астам уақыт бойы әнмен сусындатып келеді.

Алғашқы өнер жолын «Ақжайық» ән-би ансамблінде бастаған Эльмира арадағы үзілістен кейін сахнаға қайта оралды. Туған өлкеге арнаған концертінде ол қазақ, орыс, татар тілдерінде ән шырқады.

Әншіге белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева, «Шатлык» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Равиль Құрбанғалиев жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ақжайық» ансамблі, Ақтөбеден келген «Язгы моннар» ән-би ансамблі және басқалары да ілтипатын аянған жоқ.

Э.Әміроваға таланты мен кәсіби өнері үшін 2006 жылы 9 желтоқсанда Татарстанның сол кездегі Президенті М.Шаймиевтің Жарлығымен «Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілген.

Перейти к новостям спорта