Оралда театрлардың республикалық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда театрлардың республикалық фестивалі өтеді

Оралда театрлардың республикалық фестивалі өтеді

Орал қаласында 16-22 қыркүйек аралығында атақты режиссер, Халық қаһарманы, КСРО халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған театрлардың ХХ республикалық фестивалі өтеді.

  • 4 Қыркүйек 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, театр мерекесіне еліміздің батыс аймағы, сондай-ақ Қарағанды, Петропавл мен Павлодардан С.Мұқанов және Ж.Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрлары келмекші. Астанадан Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры ат басын тіремекші. Бұл өнер ордасының іргесін Ә.Мәмбетов қалаған болатын. Астаналықтар Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы бойынша атақты режиссердің көзі тірісінде қойылған спектакльді көрермендер назарына ұсынбақ.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Қуандық Қасымов сахналаған Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегін», А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры А.Островскийдің «Орман» шығармасын аталмыш фестивальде қоймақ. Қазақ театры облыс ауылдарына гастрольдік сапармен шығып келсе, А.Островский театры да осындай шараны жоспарлап отыр.

Перейти к новостям спорта