Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл деректі мекеме әкімшілігінің қызметкерлері биыл шілдеде анықтады. Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", — деді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.
Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.
"Осындай тәртіпбұзушылықты болдырмау мақсатында әйел адамдарды ұстауға арналған камералар жеке блокқа ауыстырылды", — деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, БАҚ-та Оралдағы тергеу изоляторында түсірілген видео пайда болған еді. Кадрда ер адам қабырғадағы тесік арқылы басқа бөлмеге өткені көрінеді. Ролик авторының айтуынша, тұтқындағылар ескі қабырғаны тесіп, әйелдер камерасына кіріп жүрген.