Жарияланды: 460

Оралда «Тойота» дилерлік орталығы ашылды

Оралда «Орал Тойота орталығы» дилерлік орталығы ашылды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

- Облысымызда әлемге танымал автокөлік компаниясы орталығының ашылуы - елеулі оқиға. Бұл өңіріміздің экономикасы үшін пайдалы. Яғни қызмет көрсету деңгейі әлемдік талаптарға сай болады, бюджетке түсетін салық көлемі артады және 40 адам жұмыспен қамтылады. Біз өз тарапымыздан қашанда қолдау көрсетуге әзірміз, - деді әкім. Осынау шараға арнайы келген «Тойота Моторс Казахстан» компаниясының президенті Шинго Ката батысқазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтап, бұл бренд республикамызда лайықты деңгейде бағаланып жүргенін жеткізді. Жыл өткен сайын аталмыш компанияның су жаңа автокөліктерін елімізде ресми түрде сату көлемі артып келеді. Мәселен, 1999-2007 жылдар аралығында ол 400-ден 9000-ға дейінгі бірлікті құраған. Бұл «Тойотаға» үздік импорттық бренд» деген атақ алып келді. Енді аталмыш дилерлік орталықтан алынған автокөліктер Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайына икемделген және үш жылға дейін кепілдік беріледі. «Хазар Моторс» ЖШС-ның бас директоры Марат Абдрахманов бұл дилерлік орталық облыс әкімдігінің көмегімен ашылып отырғанын жеткізді. Алда үлкен міндеттер тұрғанын, оның бәрін жауапкершілікпен атқаратынын айтты. Сонан соң «Тойота Моторс Казахстан» компаниясының президенті Шинго Ката мен «Хазар Моторс» ЖШС-ның бас директоры Марат Абдрахманов екі жақты келісімге қол қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін