Оралда төрт аурухана карантинге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда төрт аурухана карантинге жабылды

Оралда төрт аурухана карантинге жабылды

Оралда төрт емхана карантинге жабылды. Бұл туралы БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

  • 25 Мамыр 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оралдың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен Орал қаласындағы №2, 3, 4, 5 емханалары уақытша карантинге жабылды, — деді ол.

Сонымен қатар, бұл жағдай коронавируспен ауыратын науқастардың осы ауруханаларға медициналық көмекке жүгіну фактілері болғанына байланысты екендігін айтып өтті.

Олармен байланыста болғандардың бәрі оқшауланған. CVI тестілері жүргізілуде. Теріс нәтиже болған жағдайда емханалар жұмысын қайта бастайды. Бұл жағдайда жедел жәрдем және жедел көмек көрсетілетін болады,
— деді Нұрлыбек Мұстаев.