Тазалық-індет бақылауы қызметі мамандарының айтуынша, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда радон мөлшерін анықтауға мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. Төрт ғимаратта радиоактивті радон газының мөлшері артуына байланысты үйлерді желдеткішпен қамтамасыз ету және басқа да инженерлік-техникалық шаралар өткізу туралы нұсқаулар берілді. Осындай шаралардан кейін радон мөлшері қалыпқа келгені байқалды.
Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда радон мөлшерін анықтауға зерттеулер жүргізгенде екі нысанда улы газ мөлшерінің артық екені тіркелді. Қорғаныс шараларынан кейін радон мөлшері нормалық көрсеткіштерге дейін төмендегені байқалды.