Жарияланды: 510

Оралда төрт ғимаратта радиоактивті радон газының мөлшері арту көрінісі тіркелді

Оралда төрт ғимаратта радиоактивті радон газының мөлшері арту көрінісі тіркелді. Бұл туралы мемлекеттік тазалық-індет бақылауы қызметінің облыстық басқармасының радиологиялық бөлімінен хабарлады.

Тазалық-індет бақылауы қызметі мамандарының айтуынша, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда радон мөлшерін анықтауға мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. Төрт ғимаратта радиоактивті радон газының мөлшері артуына байланысты үйлерді желдеткішпен қамтамасыз ету және басқа да инженерлік-техникалық шаралар өткізу туралы нұсқаулар берілді. Осындай шаралардан кейін радон мөлшері қалыпқа келгені байқалды. Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда радон мөлшерін анықтауға зерттеулер жүргізгенде екі нысанда улы газ мөлшерінің артық екені тіркелді. Қорғаныс шараларынан кейін радон мөлшері нормалық көрсеткіштерге дейін төмендегені байқалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін