Оралда үстел теннисінен республикалық ашық турнир мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда үстел теннисінен республикалық ашық турнир мәреге жетті

Оралда үстел теннисінен республикалық ашық турнир мәреге жетті

Оралда белгілі баспагер Марат Мұхитденовті еске алуға арналған «Дастан» БПК кубогі үшін үстел теннисінен республикалық ашық турнир мәреге жетті.

  • 22 Қараша 2010
  • 678
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының командалары қатысты.

Жас ерекшеліктеріне қарай қыздар арасында Алсу Сапарова, Гауһар Әлмағанбетова, Әсемгүл Сармалаева, ұлдардан Андрей Фолимонов, Эльдар Баяндин, Антон Чапов (бәрі де Оралдан) бірінші орынды иеленді. Мекемелер арасында Оралдың «Локомотив», «Дастан-2», БҚАТУ командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Әйелдер арасында Лаура Демирова (Ақтөбе), Айя Горяйнова (Орал), Алтын Құрамысова (Ақтөбе) жеңіске жетсе, ерлерден Руслан Тұрғамбаев (Ақтөбе), Геннадий Сұлтанов, Айдар Кенжеғұлов (екеуі де Оралдан) алда болды. 50-ден жоғары жастағы ерлер арасында оралдық Анатолий Ханыгин озды.

Жалпыкомандалық есепте Ақтөбе-1, БҚО, Ақтөбе-2 командалары жүлдегер атанды. Жеңімпаз-жүлдегерлердің бәрі де дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера