Оралда вирусты гепатит мәселелеріне арналған конференция болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда вирусты гепатит мәселелеріне арналған конференция болды

Оралда вирусты гепатит мәселелеріне арналған конференция болды

Орал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында «Созылмалы вирусты гепатитті емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып,

  • 23 Маусым 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz

оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бас инфекционисі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гүлнәр Алшынбаева қатысты.

Г.Алшынбаеваның айтуынша, сапар мақсаты созылмалы гепатитке шалдыққандарға тегін медициналық көмек көрсетуде жергілікті медиктерге нақты жәрдем беру болып табылады. Өткен жылы бұл бағдарламаға балалар қатыстырылса, биыл еліміздің ересек тұрғындары қамтылмақ. Аталмыш дертті емдеу өте қымбат. Бір емдеу курсына кететін дәрі-дәрмек шығыны 40-60 мың теңгені құрайды. Қазақстан — мұндай көмекті тегін көрсететін әлемдегі жалғыз ел.

Г.Алшынбаева дәрігерлерді медицина жаңалықтарымен, қазіргі заманғы дәрі-дәрмектермен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар