Оралда волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ел чемпионатының бірінші туры мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ел чемпионатының бірінші туры мәреге жетті

Оралда волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ел чемпионатының бірінші туры мәреге жетті

Оралда волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ХХ ел чемпионатының бірінші туры бүгін мәреге жетті.

  • 19 Қараша 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бірінші тур қорытындысы бойынша барлық қарсыласын ұтқан «Қостанай» мен «Спартак-АМТ» (Теміртау) командалары 18 ұпаймен көш бастады. Алаң иелері «Грация KZ» командасы 15 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Оралдықтар тек теміртаулықтардан ғана ұтылды. Бүгін олар «Астана-2» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Батысқазақстандықтар сапында биыл Қазақстан ұлттық құрамасына алынған он сегіз жасар Зарина Сейтқазынова сынды талапты қыздар бар. Оның үстіне аға бапкер Көлеңке Ғұбашев — бес қыздың әкесі. Олардың бәрі де волейбол ойнайды. Соның ішінде Айнасы — команда капитаны, байланыстырушы.