Оралда волейболдан БҚО чемпионатының екінші туры мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан БҚО чемпионатының екінші туры мәреге жетті

Оралда волейболдан БҚО чемпионатының екінші туры мәреге жетті

Оралда волейболдан ерлер командалары арасында БҚО чемпионатының екінші туры мәреге жетті.

  • 14 Қараша 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Жарыстың бас төрешісі Манарбек Исқақовтың хабарлағанындай, біріншілікке қатысқан 18 команда бес топқа бөлініп, күш сынасты.

Екінші тур қорытындысы бойынша «Казтрансгаз» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Бөрлі ауданы — екінші, Жәнібек пен Бөкей ордасы волейболшылары үшінші орынды еншіледі. Жәнібектік Жалғас Қаресов — үздік байланыстырушы, Денис Гусев («Казтрансгаз») — үздік шабуылшы, бөкейордалық Жалғас Әшенов үздік қорғаушы атанды. Бөрлілік Руслан Қуанов турнирдің үздік ойыншысы атағына қол жеткізді.