Оралда волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігі мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігі мәреге жетті

Оралда волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігі мәреге жетті

Оралда волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігі мәреге жетті.

  • 20 Сәуiр 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Чемпионат қорытындысында Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы 86 ұпаймен бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Александр Перегуда жаттықтыратын Оралдың «Жайық-Конденсаты» (79 ұпай) — күміс, Астананың «Ұшқын-Искрасы» (74 ұпай) қола жүлдені еншіледі. Шымкенттіктерден — Серік Танабаев, «Жайық-Конденсаттан» — Мирлан Бадашев (либеро), «Ұшқын-Искрадан» — Юрий Сенкевич, Павлодардың «Ертісінен» — Серік Нөкежанов, Петропавлдың «Есіл-Викториясынан» — Сергей Якубенко, «ЦСКА-Алматыдан» — Иван Пеньков, «Атырау-2» командасынан — Биғали Жұмағазиев, «КазНАУ»-дан (Алматы) Виктор Фельгер үздік ойыншы атанды.

«Жайық-Конденсат» клубының команда бастығы Айбек Дәуірбаевтың айтуынша, батысқазақстандықтар Павлодарда және Оралда өткен соңғы, бесінші турда үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Оралдықтардан Еркебұлан Самарханов, Бауыржан Хайруллин, Алексей Курдюков сынды шеберлігі өсіп келе жатқан жергілікті жас жігіттерді ерекше атап өтуге болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера