Алғашқы болып алаңға «Есіл» (Петропавл) мен «ТНК «Казхром» (Хромтау) командалары шықты. Содан кейін «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Атырау», «Конденсат» (Орал) пен «Алматы» өзара шеберлік байқасады.
Үш турдан кейін 40 ұпаймен «Алматы» командасы жеке-дара көш бастап келеді. Хромтаулықтар 33 ұпаймен — екінші, өскемендіктер 25 ұпаймен — үшінші, «Атырау» (17 ұпай) — төртінші, 10 ұпайдан жинаған «Конденсат» пен «Есіл» сәйкесінше бесінші, алтыншы орындарда тұр.
Оралдағы тур 12 ақпан күні мәреге жетеді.