Қаржы полициясы мен салық комитетінің бірлескен арнайы рейдібарысында тәркіленген ішімдіктердің барлығы ешбір рұқсатсыз саудаланып келген. Тергеу шараларын аяқтаған құзырлы орындар қала сыртындағы қоқыс полигонында айғақ заттардың көзін жойды. Ал заңды белден басып, ащы судың арқасында оңтайлы табыс тауып келген бірнеше дүкен иелері жауапқа тартылмақ.