Жарияланды: 760

Оралда "Жайық-пресс" қалалық коммуналдық кәсіпорнының тағы бір газеті жарық көрді

Оралда Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментіне қарасты "Жайық-пресс" қалалық коммуналдық кәсіпорнының тағы бір газеті жарық көрді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Облыстық жаңа басылым "Жайық жастары" деген атауға ие болды. Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің тікелей қолдауымен құрылған "Жайық-пресс" қалалық коммуналдық кәсіпорны жыл басынан бері ардагерлерге, заңгерлерге, әйелдер мен дәрігерлерге арналған газеттер шығарған. Барлық мерзімді басылымдар қазақ және орыс тілдерінде шығады. Ал "Жайық жастары" жастарға арналған қоғамдық-саяси газет ретінде жарық көріп отыр. Ол жастар өміріндегі елеулі оқиғалардан хабардар етіп, әсіресе жастардың шығармашылығына баса назар аудармақшы. Газет 2 мың данамен айына екі мәрте шығады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін