Біз жергілікті бизнес өкілдерінің өңдеу саласына бет бұра бастағанына қуаныштымыз. Бүгін іске қосылып отырған зауыт – Батыс Қазақстан облысында бұл сала бойынша бірегей кәсіпорын. Сондықтан жергілікті әкімдік зауытқа жан-жақты қолдау көрсетеді. Кәсіпорынның өнімдерін балабақшаларға, дәрігерлік мекемелерге, тұрғын үй құрылысына пайдалануға болады. Біз инвесторлармен сөйлесіп, зауытты одан әрі дамытуға, болашақта индустриалды салаға, мұнай-газ секторы нарығына шығуға шақырдық. Ең бастысы — "Орал Кабель" зауыты өнімдері халықаралық ASME сертификатына ие, бұл өз кезегінде кәсіпорынға Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз кен орындарындағы шетелдік альянстардың тендеріне қатысуға мүмкіндік береді, — деді зауыттың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.
Айта кетейік, бұл жобаға инвесторлар тарапынан 3,4 млрд теңге қаржы құйылған. Зауытта 40-50 адам қызмет етеді.