Оралда жаңадан 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жаңадан 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды

Оралда жаңадан 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды

Орал. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оралда қала халқының мемлекеттік мекемелермен, күш құрылымдарымен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыс орнатуына арналған 20 қоғамдық муниципалдық округ құрылды. Бұл туралы қалалық мәслихатта өткен жиналыста Орал қаласының әкімі Самидолла Оразов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Муниципалдық округтардың басты міндеті — халықты қаламызда болып жатқан барлық істердің қатысушысына және серіктесіне айналдыру. Бұл — абаттандыру, көгалдандыру, ауладағы проблемаларды шешу мәселелері», — деді С. Оразов.

Оның айтуынша, әр округта 15-17 мың адам тұратын болады. Бұл қала халқының шамамен 5 пайызын құрайды. Округтерге төрағалық ететін депутаттар тұрғындар үшін өзекті мәселелерді өз бақылауларында ұстап, мәслихат сессияларында көтеретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар